Автоматты қарап шығулар

 

Қарап шығу деңгейі
 
Таңдауға болатын 3 түрлі қарап шығу деңгейі бар. Бұл параметр Зарядтағышта болғанда қарап шығуға және Жоспарлы қарап шығуға қолданылады:

  • Жылдам - бұл опцияны таңдасаңыз, Mobile Security & Antivirus тек орнатылған бағдарламаларды, DEX файлдарын (Android операциялық жүйесінің орындалатын файлдары), SO файлдарын (кітапханалар) және ZIP файлдарын 3 кірістірілген мұрағат ең көп қарап шығу тереңдігімен қарап шығады.
  • Смарт - смарт қарап шығу жылдам қарап шығу қарап шыққан файл түрлеріне қоса SD картасының мазмұнын қарап шығады.
  • Терең - ішкі жадта да, SD картасында да кеңейтіміне қарамастан барлық файл түрлері қарап шығылады.

 

Зарядтағышта болғанда қарап шығу
 
Бұл таңдалған болса, қарап шығу құрылғы бос күйде болғанда, толығымен зарядталғанда және зарядтағышқа қосылғанда автоматты түрде басталады.
 

Жоспарлы қарап шығу
 
Жоспарлы қарап шығу алдын ала анықталған уақытта құрылғыны қарап шығуды автоматты түрде іске қосуға мүмкіндік береді. Қарап шығуды жоспарлау үшін Жоспарлы қарап шығу жанындағы түймені түртіңіз, сөйтіп қарап шығу іске қосылуы үшін күндерді және уақыттарды көрсетіңіз. Әдепкі бойынша, аптаның барлық күндері таңдалған.